
Хайруллин Нурлыбек Кажымуратович
Сегізінші шақырылған мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Хайруллин Нурлыбек Кажымуратович 1970 жылы 11 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Айдархан ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін "Зоотехния" мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін "Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану"мамандығы бойынша бітірді.
2006 жылы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін "Ғимараттар мен үй мәреттерді салу және пайдалану" мамандығы бойынша бітірді.
2002 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
2012 жылдан "Хайруллин Н.К." шаруа қожалығының басшысы.
2016 жылғы 20 наурызда Зеленов аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымының депутаты болып сайланды.
2021 жылғы 10 қаңтарда Бәйтерек ауданы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты болып сайланды.
2022 жылғы 21 қаңтарда аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясында жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.
2023 жылғы 30 наурызда аудандық мәслихаттың бірінші сессиясында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың төрағасы болып сайланды.
Үйленген, екі баласы бар.