
Өмірбаян
1991 жылы 15 мамырда Алматы облысында туылған.
2013 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық технологиялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді.
2020 жылы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік саясат» бағыты бойынша бітірді.
Өзінің еңбек жолын 2014 жылы «Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» КММ-де жастар тәжірибесінен бастады.
2015 жылдан бастап, 2017 жылды қоса алғанда, Алматы қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінде статистик болып жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап, 2019 жылды қоса алғанда, Алматы қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап, 2023 жылды қоса алғанда, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап, қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы креативті индустрияны дамыту бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.




