
Темірбаев Виктор Валерийұлы
Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
Темірбаев Виктор Валерийұлы
Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Жалпы ақпарат, білім
1967 жылы 16 шілдеде Павлодарда дүниеге келген. 1993 жылы Мәскеу электронды машина жасау институтын, 1999 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 1991 жылы «Қазақстан қаржы-өнеркәсіптік тобы» АҚ-да менеджер ретінде бастаған.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1993 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті лауазымынан бастаған. 1994 жылдың тамыз-қазан аралығында Мемлекеттік протокол басқармасының референті болды.
1994-1997 жылдары - Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінде атташе, үшінші хатшы.
1999-2003 жылдары ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2003-2005 жылдары - Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің бірінші хатшысы.
2005-2006 жылдары - ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бөлім бастығы, Азия ынтымақтастығы департаментінің бөлім бастығы.
2006-2007 жылдары АӨСШК Хатшылығының саяси бөлімінің басшысы болды.
2007-2008 жылдары - «Қазына» ТДҚ АҚ өкілдігі басшысының орынбасары.
2009 жылы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры болып тағайындалды.
2010-2018 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі.
Қазақстанның Болгариядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Литвадағы Елшісі болған (2018-2022 жж).
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.