
Өмірбаян
Сәдіғұлов Нұралы Жылқыбайұлы 1972 жылы 1 қыркүйек күні Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылында дүниеге келген.
1992 жыл – Орал қаласындағы ауыл шаруашылық техникумы. Мамандығы – ветеринар-фельдшер.
2020 жыл – Жәңгір хат атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті. Мамандығы – ветеринарлық санитария.
29.06.1994-01.09.1994 жж. – Аудандық әскери комиссариат инспекторы;
05.10.1994-15.04.1996 жж. – Бейнеу аудандық жер қатынастары комитетінің бас маманы;
25.06.1997-01.02.2006 жж. – Бейнеу аудандық транспорттық ветеринарлық пунктінде инспектор, жетекші маман, бас маман;
01.02.2006-20.09.2006 жж. – Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша басқармасының «Бейнеу» бастауыш бекеті бөлімінің бастығы;
20.09.2006-25.06.2007 жж. – Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы;
25.06.2007-01.04.2008 жж. - Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Орталық аппарат Астана қаласы және облыстар бойынша басқармаларының бөлім бастығы-бекет басшысы;
01.04.2008-01.06.2014 жж. – «Бизнес сервис Актау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндіріс басқарушы;
08.06.2015-15.06.2015 жж. – «Бейнеуветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ветеринар-дәрігер;
15.06.2015-12.09.2018 жж. – «Бейнеуветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында директордың міндетін уақытша атқарушы;
12.09.2018-08.01.2021 жж. - «Бейнеуветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында директор;
08.01.2021 жылдан бастап « Бейнеу аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
Марапаттары:
2018 жылы – «Бейнеу ауданына 45 жыл» төсбелгісі
2019 жылы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы
2023 жылы – «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі»республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы
2023 жылы – «Бейнеу ауданына 50 жыл» мерекелік медалі
2023 жылы – Маңғыстау облысының Құрмет грамотасы
2024 жылы – «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалі
2025 жылы - «Ауыл» партиясына 25 жыл» мерекелік медалі

