
Даржанова Анар Нұрлыбекқызы
Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1967 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дүниеге келген.
Білімі:
1984 ж. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген.
1989 ж. Г.В.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2015 ж. Ақтөбе қаласындағы Қазақ-орыс халықаралық университетінің магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1989-1999 жж. Ақтөбе қаласында «Продтовары» АҚ, «Азық түлік» АҚ сауда саласында қызмет еткен.
1999-2006 жж. Ақтөбе қаласы әкімдігінің бөлімдерінде мамандығы бойынша қызмет еткен.
2007-2016 жж. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарған.
2016-2019 жж. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ басшысы,
2019-2021 жж. Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» ӨКП директоры болып жұмыс жасаған.
2021-2023 жж. Ақтөбе қалалық мәслихатының жетінші шақырылымның төрағасы.
2023 жылдың 19 наурызынан бастап №16 бір мандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымның депутаты болып сайланды.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап - Ақтөбе қалалық Мәслихаты төрағасы қызметін атқаруда.
Қосымша мәлімет:
06.2008-11.2008 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономика саласындағы менеджерлер мен басшылардың біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша «Тұран Профи» Кәсіби академиясында оқыған.
12.10-12.11.2008 ж. – InWEnt «Fort bildungs programm fur kasachische Manager» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен (Германия).
26.02-20.03.2010 ж. – «Municipal Support for small Business Development» USAID АҚШ Қоғамдастықтарының Байланыс Жобасы бойынша тағылымдамадан өткен.
2013 ж., сәуір – Германия Федеративтік Республикасының (GIZ) Экономика және технологиялар Федералды министрлігінің басқару кадрларын даярлау бағдарламасы бойынша «Инновациялық менеджмент» тақырыбында оқыған.
17.06-30.06.2013 ж. – МАSHAV және Еуропалық Экономикалық Комиссияның «Support Systems for Women in Small Business at National and Local Levels» бағдарламасы бойынша оқыған (Израиль).
16.02-22.02.2019 ж. – МАSHAV бағдарламасының «Social Entrepreneurship» тақырыбы бойынша оқыған (Израиль).
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
