
Сибагатов Нурлыбай Маиланович
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
Туылған күні: 1978 жылы 1 мамыр.
Туылған жері: Ақтөбе облысы, Исатай ауданы.
Білімі, мамандығы:
- 1999 жылы Т.Бегельдинова атындағы Ақтөбе мемлекеттік жоғары әскери авиация училищесінің «әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша бітірген;
- 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Заңғар» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек қызметін 1999 жылдан 2003 жылғы қарашаға дейін ҚР МКМ Кеден комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасының «Қобда» кеден бекетінің инспекторы болып бастаған.
2003 жылдың қарашасынан бастап 2011 жылдың қантарына дейн ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекетінің маманы, бас маманға дейін әртүрлі лауазымда қызметтерді атқарған.
2011 жылдың қантарынан 2012 жылдың сәуіріне дейін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекетінің бастығының орынбасары.
2012 жылдың сәуірінен 2012 жылдың шілдесіне дейін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының тауарларды экспорттауды мониторингтеу бөлімі бастығының орынбасары.
2012 жылдың шілдесінен бастап 2013 жылдың наурызына дейін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекеті бастығының орынбасары.
2013 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың қарашасына дейін ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекетінің бас маманы.
2014 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың наурызына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекеті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.
2015 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың сәуіріне дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекетінің бөлім басшысы.
2015 жылдың сәуірінен бастап 2015 жылдың шілдесіне дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің басқарма басшысы.
2015 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың желтоқсанына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Ақтөбе - КРО» кеден бекетінің бөлім басшысы.
2015 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың мамырына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасының басшысы.
2019 жылдың мамырынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы;
2020 жылдың мамырынан бастап 2022 жылдың қазанына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2022 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бас диспетчерлік басқармасы РММ-нің басшысының орынбасары.
2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысы лауазымын атқарады.
