Тойкенов Саят Ерланұлы

    Семей қаласының құрылыс бөлімінің басшысы

    Тойкенов Саят Ерланұлы
    Руководитель отдела

    Тойкенов Саят Ерланұлы

    Семей қаласының құрылыс бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Саят Ерланұлы 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан облысындағы техникалық университетінің колледжін «Техник-технолог», 2006 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында маман болып бастап, кейін жетекші маман болып еңбек етті. 2009–2012 жылдары «Промстрой» ЖШС-інде бетоншы, құрылыс алаңының шебері лауазымына жұмыс істеді.

    2012–2014 жылдары «Стройконтинет №1» ЖШС-де, одан кейін «Интермастер» ЖШС-де құрылыс шебері және прораб қызметтерін атқарды. 2015–2020 жылдар аралығында «Ювпэк-Астана» ЖШС-інде құрылыс басшысы және директордың орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

    2020–2023 жылдары «T.A.S BuildGroup» ЖШС-де директордың орынбасары болды.

    2023 жылдың наурыз-сәуір айларында Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында құрылыс бөлімінде бас маманы лауазымында еңбек етті.

    2023 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2025 жылдың сәуір айынан бастап Семей қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері