Әбілқайырова Гүлмира Армияқызы

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Әбілқайырова Гүлмира Армияқызы
    Председатель маслихата

    Әбілқайырова Гүлмира Армияқызы

    Аудандық мәслихаттың төрағасы

    Өмірбаян

    3 жоғары білімі бар, 1991 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Химия және биология мұғалімі» мамандығы бойынша, 1999 жылы Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институтының Көкшетау филиалын «Заңгер» мамандығы бойынша, Көкшетау экономика және менеджмент институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген

    Еңбек жолын 1991 жылы қыркүйекте Көкшетау қаласының №1 пионерлер үйірмесінің басшысы болып бастады.

    1993 жылдың тамызынан 1993 жылдың желтоқсанына дейін Көкшетау қаласының нашар еститін балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында тәрбиеші болып жұмыс істеді.

    1994 жылдың қаңтарынан 1996 жылдың қарашасына дейін Айыртау аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері.

    1996 жылғы қарашадан 2003 жылғы қыркүйекке дейін «Адонис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәріхана желісінің меңгерушісі Саумалкөл ауылы.

    2003 жылғы қыркүйектен 2008 жылғы қазанға дейін Саумалкөл ауылы «Айыртау аудандық мәслихаты» мемлекеттік мекемесінің тексеру комиссиясының төрағасы.

    2008 жылғы қазаннан 2010 жылғы қазанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, Саумалкөл ауылы.

    2010 жылғы қарашадан 2013 жылғы ақпанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Саумалкөл ауылы.

    2013 жылғы ақпаннан 2017 жылғы маусымға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Саумалкөл ауылы.

    2017 жылғы маусымнан 2021 жылғы қаңтарға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары.

    2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы.

    2023 жылғы наурызда VIII сайланған Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Ауданның өкілді органының басшысы қолданыстағы заңнамаға, аудандық мәслихат регламентінің сәйкестігіне қатаң депутаттық қызметке барлық жауапкершілікпен қарайды, сайлаушылар арасында депутаттардың беделін арттыруға, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін орындауға дербес жауапкершілігін арттыруға көп көңіл бөледі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері