
Өмірбаян
Данияр Қайырханұлы Шәкәрімов 1981 жылы 15 ақпанда Семей облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген.
Семей қаласындағы Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін «қаржы» мамандығы бойынша, «Қайнар» университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын Семей қаласының Наркологиялық диспансерінің материалдық тобының бухгалтері болып бастады.
2003-2004 жж. - «Алтын төбе» тау-кен өндіру кәсіпорны жабық акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық бөлімінің менеджері.
2004-2013 жж. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы.
2013-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша посткедендік бақылау департаменті Кедендік инспекция бөлімінің жетекші маманы.
2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.
2016-2018 жж. «KAZTYRE» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы.
2018-2019 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары.
2019-2021 жж. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы.
2022 жылдың мамырынан қараша айына дейін Абай облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
2022 - 2023 жж. Абай облысы Семей қаласының әкімінің орынбасары.
2023 жылдың наурыз айынан бастап 2024 жылдың желтоқсанға дейін Семей қаласының мәслихатының төрағасы.
2024 жылдың 28 желтоқсаннан бастап Абай облысы Аягөз ауданының әкімі



