
Упабеков Адиль Есенович
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1986 жылы 7 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты-қазақ. 2008 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 2010 жылы «Құрылыс ғылымдарының магистрі» дәрежесі бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 2011 жылы «Экономика және бизнес магистрі» дәрежесі бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2013 жылы «Заң ғылымдарының магистрі» дәрежесі бойынша Қарағанды экономикалық университетін, 2016 жылы «Ббасқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілік магистрі, Executive MBA» дәрежесі бойынша Қазақстан менеджмент және экономика институтын, 2020 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық қатынастар магистрі» дәрежесі бойынша оқып бітірді.
2009 жылдан бастап «НПО Дефектоскопия» ЖШС компаниясының тең құрылтайшысы және негізін қалаушы.
«АТАМЕКЕН» ҰКП Қарағанды облысы өңірлік кеңесінің мүшесі, Үкімет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелерге қатысады.
VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланған.
Үйленген.





