
Садықов Равиль Исламұлы
Заңдылық және адам құқықтары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Өмірбаян
Садықов Равиль Исламұлы, 1987 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасында, Жамбыл облысында, Шу қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Қарағанды Қаржы институтының банк колледжіне түсіп, 2005 жылы кеден ісі мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы Қарағанды қаржы институтына түсіп, 2008 жылы қаржы мамандығы бойынша бітірді.
2010 жылдан 2013 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
2006 жылы "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясында жолаушылар вагондарының жолсерігі, бұдан әрі машинистердің, пайдалану бөлімінің 1-санатты техниктерінің маршруттарын өңдеу жөніндегі инженері, жолаушылар вагондарын қабылдаушы, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі өңірлік ревизор болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап Астана және Қарағанды қалаларында басшылық қызметтер атқарды.
Қазіргі уақытта "Qaz Group KO" ЖШС басшысы болып табылады.
Үйленген. Үш баланы тәрбиелеп отыр.





