Құрманғалиев Еркін-Дәуір Төлеуұлы

    Экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Құрманғалиев Еркін-Дәуір Төлеуұлы
    Депутат маслихата

    Құрманғалиев Еркін-Дәуір Төлеуұлы

    Экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Өмірбаян

    Құрманғалиев Еркін-дәуір Төлеуұлы 1972 жылы 18 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

    1987 жылдан 1990 жылға дейін Қарағанды қаласының № 30 СПТУ – да ауыр жүк автомобильдерінің автослесары мамандығы бойынша оқыды. 1990-1991 жылдар аралығында Қарағанды қаласының № 2576 автоколоннасында 4 - разрядты автослесарь болып жұмыс істеді, сонымен қатар ҚПТИ кешкі бөлімінде өнеркәсіптік көлік мамандығы бойынша оқыды.

    1991-1997 жылдары ҚММА-да «Емдеу ісі»мамандығы бойынша оқыды. ҚММА бітіргеннен кейін Шахтер Испат-Кармет ШЖМ базасында «Травматология-ортопедия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

    2011 жылдан 2013 жылға дейін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде оқыды. «Менеджмент» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі берілді.

    2016 жылдан 2018 жылға дейін «Алматы Менеджмент Университеті» УО-да «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша оқыды, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесі берілді.

    2018 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. «Алматы Менеджмент Университеті» ҚБ «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша 2-курс докторанты болып табылады.

    1997 жылдан 2007 жылға дейін ШЖМ Шахтер Испат-Кармет травматология бөлімшесінің дәрігер-ординаторы, 2007 жылдан 2011 жылға дейін травматология бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    2011 жылдың қаңтар айында «Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығы» КМК директорының емдеу работе жөніндегі орынбасары болып қабылданды. 2014 жылдың сәуір айында «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМК директоры қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері