
Түсіпов Марат Қанатұлы
Қаланың әлеуметтік саласы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Түсіпов Марат Қанатұлы 1975 жылы 3 қазанда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1998 - 2003 жылдары Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды.. 2003 жылы "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсті.
09/2001-05/2004 Қарағанды қаласының "МУТЛУ" ұн тарту комбинаты, директордың экономика және өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
05/2004-11/2010 кәсіпкерлік қызметпен, металл және металл сынықтарын көтерме және бөлшек саудамен айналысты.
11/2010-11/2011 Теміртау қаласындағы ХМК "Бидай нан" ЖШС-де директордың экономика және өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
11/2011-11/2013 "Жер арна" ЖШС Теміртау диірмен комбинатында экономика және өндіріс жөніндегі директор болып жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
"Жыл тұлғасы", "Жомарт Жүрек"наградаларының иегері.





