Бочаров Александр Вячеславович

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары

    Бочаров Александр Вячеславович
    Депутат маслихата

    Бочаров Александр Вячеславович

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Александр Бочаров, 1990 жылы 13 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген, мамандығы бойынша заңгер.

    2013 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Орталық Қазақстан Академиясының заң факультетінің магистратурасы. 2018 жылы Омбы заң академиясының аспирантурасын бітірді.

    Еңбек жолын 2013 жылы Huawei халықаралық компаниясының қазақстандық кеңсесінің заңгері ретінде бастаған. 2014-2016 жылдар аралығында Huawei құрылысын заңды қолдау қызметін басқарды. 2017 жылдан бастап Қазақстанның ірі телекоммуникациялық компаниясы "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС - ALTEL және TELE2 ұялы байланыс операторларының жетекші заңгері болып жұмыс істеді. 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесі төрағасының орынбасары.

    Қала мен елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Әділет министрінің грамотасымен, сондай-ақ Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыруға және қазақстандық заңнаманы реформалауға қосқан үлесі үшін "ЗАҢ" медалімен марапатталған.

    Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

    VIII сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері