Исаев Данияр Бауыржанович

    Заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Исаев Данияр Бауыржанович
    Депутат маслихата

    Исаев Данияр Бауыржанович

    Заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі

    Өмірбаян

    1979 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ.

    2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ спорт және туризм Академиясын «Дене шынықтыру және спорт – каратэ» мамандығы бойынша, сол жылы European University (Халықаралық бизнес-мектеп) іскерлік әкімшілендіру магистрі (ІӘМ) оқып бітірген.
    Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
    2002-2007 жылдары-Алматы қаласы прокуратурасының бас маманы, прокурордың көмекшісі, прокурордың аға көмекшісі.
    2007-2009 жылдары – «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ келісімшарттар департаментінің директоры, материалдық-техникалық жабдықтау және қойма қорларын басқару департаментінің директоры.
    2009 - 2011 жылдары- «SilkNet» АҚ Тбилиси қ. филиалы директорының орынбасары, бас директорының кеңесшісі.
    2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезең – «AIKAR Energy» ЖШҚ бас директоры (коммуникациялық жүйелердің құрылысы - газ құбырлары, су құбырлары, газдандыру).
    2013-2016 жылдары – «Караганда Энергоцентр» ЖШС атқарушы директоры.
    2016-2019 жылдары – «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры.
    2019-2020 жылдары Qazqarbon зауытының бас директоры.
    2020 жылдың наурыз айынан бастап «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры.
    Қоғамдық жұмыспен айналысады, «Қазақстан Кекушинкай Каратэ-до федерациясы» РҚБ президенті, «Қазақстан барлық стильдегі каратэ федерациясы» РҚБ президенті, қара белбеуі бар.
    2018 жылы-VI шақырылған қалалық мәслихатының депутаты бола жүріп, «Депутат» газетінің (Нұр-Сұлтан қ.) рейтингі бойынша қалалық мәслихаттың үздік депутаты атанды.
    2020 жылдың желтоқсан айында «100 лет плану ГОЭЛРО» (Энергетик Күніне) медалімен марапатталған.

    «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, адам құқықтары және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды.

    Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері