
Жумабеков Айбек Темирбаевич
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі
Өмірбаян
1972 жылы 9 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ.
1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша, 2000 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1992 жылдан 1994 жылға дейін «Политехник» СКК кикбоксинг бойынша жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін - «Лаура» МУК іс басқарушысы.
1997 жылы «СФ Трейдинг» ЖШС-де менеджер болып жұмыс істеді.
1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін - «Ер-Нур Сервис» ЖШС менеджері.
2000 жылдан бастап 2001 жылға дейін - «Резерв» РМК басқарушысының орынбасары.
2001 жылдан бастап 2011 жылға дейін - «Белый Ветер Компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, 2011 жылдан бастап құқықтық мәселелер бойынша директордың орынбасары.
«Тритон 2003» құрылыс компаниясының президенті.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО спорт шебері, 10 жылдан астам Қарағанды облысының күрес федерациясының вице-президенті.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қолдаушы», «Еңбек сіңірген құрылысшы» медальдарымен, «Үздік депутат» төсбелгісімен, ҚР спорт министрінің, облыс және қала әкімінің Құрмет грамоталарымен, Қарағанды қаласы әкімінің «Жыл меценаты» грамотасымен марапатталған.
Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы Қала құрылысы кеңесінің мүшесі.
«NurOtan» партиясының мүшесі.
V, VI және VII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған.
VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, экономика, даму бағдарламасы, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
Үйленген, үш баласы бар.





