
Кудеринов Мұрат Тасболатұлы
Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Өмірбаян
Кудеринов Мұрат Тасболатұлы, ұлты қазақ, 21.09.1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
1994 жылдың маусым айында Қарағанды облысы, Қарағанды қаласындағы № 63 орта мектепті бітірді.
1994 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың маусымына дейін Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Университетская көшесі, 28 мекенжайында орналасқан Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде сырттай оқу нысаны бойынша "Құқықтану" мамандығын оқыды.
Еңбек қызметі:
2000-2010 жылдар аралығында прокуратура органдарында жұмыс істеді, кейіннен жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпорындарда 2 жылдан астам заңгер болып жұмыс істеді, тауар биржасының филиалын басқарды, екі жылдан астам уақыт кәсіпорында электр энергиясын өндіру және жабдықтау саласында жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап заң фирмасын басқарады және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады.
Отбасылық жағдайы: үйленген.





