Сундиталиев Нияз Аделович

    Қаланың әлеуметтік саласы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Сундиталиев Нияз Аделович
    Депутат маслихата

    Сундиталиев Нияз Аделович

    Қаланың әлеуметтік саласы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі

    Өмірбаян

    1989 жылы 26 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

    2012 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Экономика факультетін " Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.

    2012 жылдан бастап 1 топтағы мүгедектігі бар тұлға болып табылады.

    Еңбек жолын 2007 жылы "BAURCAN" ЖШС-де сату жөніндегі менеджер қызметінен бастады.

    2009 жылдан 2012 жылға дейін "BAURCAN" ЖШС жалпы мәселелер бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды.

    2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Qamqor plus"мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

    2018 жылдан 2020 жылға дейін "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan"жастар қанатының Орталық кеңесінің мүшесі болып сайланды. "Jas Otan" ЖК 2025 жылға дейін "Jastar Otanga"бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

    2019 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласының 2 шақырылған Қоғамдық Кеңесінің мүшесі болды, әлеуметтік мәселелер және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына кірді.

    2019 жылдан 2023 жылға дейін Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі. Әлеуметтік, жастар және ішкі саясатты, этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту мәселелерімен айналысты, Достық, жасампаз еңбек, қайырымдылық және еріктілік идеяларын насихаттады.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына бекітілді.
    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы әкімінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып табылады.
    2021 жылдан 2023 жылға дейін "Nur Otan" партиясы жанындағы жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың әлеуметтік осал топтары жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына кірді, 2022 жылғы сәуірден бастап Кеңес"AMANAT" партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес болып қайта құрылды
    2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының 3 сайланған Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссия болып табылады.

    2023 жылдан бастап Vlll шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері