
Нургожин Тимур Маратович
Қаланың құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
Нургожин Тимур Маратович, 19.06.1988 жылы Қарағанды қаласында туып, 1995 жылы №38 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады.
Мектепті 2005 жылы аяқтап, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне, «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша оқуға түсті.
2009 жылы университетті сәтті аяқтап аталған оқу орнында магистратурада оқуын жалғастырды. Сол жылы «Шубаркөл Көмір» АҚ-да инженер болып еңбек жолын бастады.
2011 жылы «Қызмет көрсету саласындағы Магистр» академиялық дәрежесін алды.
2010-2012 жылдары Қарағанды «Болашақ» университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алды.
2017 жылға дейін «Мир Стекла» ЖШС-де менеджер, кәсіпорын директоры лауазымдарында қызмет атқарды.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын «Eskolit» ЖШС құрылтайшысы және директоры болып табылады.
«Eskolit» кәсіпорны 2017 жылы ҚР БҒМ ұйымдастырған конкурсқа қатысып шыны-керамикалық қалдықтарды пайдаланып, инновациялық құрылыс материалдарын өндіруге Грант иегері атанып, оны жақсы жетістіктермен аяқтады.
2021 жылдан VII сайланған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болды.
Үйленген, екі баласы бар.





