Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы

    Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы

    Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Бөкенов Алтынтөре Жангелдіұлы

    Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    1974 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды қаласында туған. Ұлты – қазақ.

    1995 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «Қаржы және несие» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2001 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҒУ-де экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алуға диссертациялық еңбегін қорғады.

    1995-1999жж. – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ ҚФ-да бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас бухгалтері; заңды тұлғалармен жұмыс бойынша сектор бөлімшесінің менеджері; кепілзат бөлімінің жетекші инспекторы; Несие беру басқармасының жетекші инспекторы болып жұмыс істеген.
    1999-2002 жж. – Қарағанды қаржы институтының проректоры;
    1999 жылы облыстың Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарында «Протон» зымырантасығыш құлағаннан кейін халықтың әлеуметтік осал топтарынан балаларды тегін оқыту үшін 2 грант ұсынуға бастама жасады.
    2002-2005 жж. – «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша Өңірлік филиалының директоры, Қарағанды қ.
    2005-2007жж. – Қарағанды қаржы институтының проректоры.
    2005 жылдан бастап Қарағанды Банк колледжі директорының орынбасары ретінде жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап колледж директоры болып тағайындалды.
    ҚР білім саласының құрметті қызметкері.
    А.Бөкенов – монографиялар, оқыту баспаларының, ғылыми баспалардың, халықаралық және республикалық басылымдардағы мақалалардың авторы.
    2016 жылдан бастап - Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Директорлар кеңесінің Төрағасы.
    Қарағанды облысы әкімдігінің кадрларды техникалық және кәсіптік білім беру және даярлауды дамыту Кеңесінің мүшесі болып табылады.
    ҚТДҚ (қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығы) сертификатталған мүшесі. Қоғамдық бірлестік ЭЫДҰ қағидаттарында корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізумен айналысады.
    Марапаттаулары:
    «Қазақстан тәуелсiздiгiне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихатына 25 жыл» мерейтойлық медальдар, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, ҚР Презинденті Н. Ә. Назарбаевтың (2011ж., 2015 ж.), ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың (2019 ж.), «Нұр Отан» ХДП, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттары, Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасы.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Үйленген, екі баласы бар.

    VI шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.


    VIII шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты және төрағасы болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері