
Сүлеймен Ержан Әшімұлы
Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы
Өмірбаян
Сүлеймен Ержан Әшімұлы, 1962 жылы 22 қазанда , Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары, Алматы зооветеринарлық институтын бітірген.
Оқуды бітіргеннен кейін 1984-1986 жылдары фермада ветеринар дәрігер болып жұмысын бастады.
1986-1990 жылдары совхоздың бас мал дәрігері.
1990-1999 жылдары Абай ауданының бас мал дәрігері болып тағайындалды.
1999-2009 жылдары Абай ауданы әкімінің орынбасары.
2009-2011 жылдары Абай ауданының әкімі.
2011-2012 жылдары Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
2012-2024 жылдары Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары.
2024 жылдың мамыр айынан бастап Абай облысы Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.




