
Өмірбаян
2001 жыл, Алматы қаласының малдәрігерлік институты, зоотехния
2009 жыл, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, заңтану
Мен, Айбазов Марат Сәрсенбайұлы, 1977 жылғы 11 қазанда Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында дүниеге келдім.
Еңбек жолымды 2003 жылы «Р-Күрті» ЖШС-де зоотехник қызметінен бастадым. 2006–2008 жылдары аталған мекемеде зоотехник-селекционер қызметін атқарып, мал шаруашылығы саласында еңбек еттім.
2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кірістім. Әр жылдары Қарасай ауданы Қарағайлы ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман міндетін атқарушы және жетекші маман болып жұмыс істедім.
2009 жылғы желтоқсан айынан 2013 жылғы қыркүйек айына дейін Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман қызметін атқардым.
2013–2015 жылдары Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округі әкімінің орынбасары болып жұмыс істедім.
2015 жылғы қаңтар айында Жамбыл ауданы Айдарлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалып, 2015 жылғы сәуір айынан 2019 жылғы қаңтар айына дейін Айдарлы ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
2019 жылғы наурыз айында қайтадан Айдарлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалып, 2019 жылғы мамыр айынан 2023 жылғы ақпан айына дейін Жамбыл ауданы Айдарлы ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
2023 жылы Жамбыл ауданының «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметінде жұмыс істедім.
2023–2024 жылдары Іле ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман міндетін атқарушы, кейін бас маман қызметтерін атқардым.
2024 жылы Астана қаласындағы «Mtex management» ЖШС-нің өндірістік-техникалық және жабдықтау бөлімінде маман болып еңбек еттім.
2024 жылғы қазан-қараша айларында «Астана қаласының Әділет департаменті, құқықтық түсіндіру және заң қызметтерін көрсету бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінде бас маман міндетін атқарушы, кейін бас маман болып жұмыс істедім.
2024 жылғы қараша айынан 2026 жылғы сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаментінде бас маман — мемлекеттік экологиялық инспектор қызметін атқардым.
2026 жылғы сәуір айынан бастап Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округінің әкімі болып сайланып, қазіргі таңда осы қызметті атқарудамын.
27.05.2003 |
31.03.2006 |
«Р-Күрті» ЖШС-гі, зоотехник |
31.03.2006 |
02.01.2008 |
«Р-Күрті» ЖШС-гі зоотехник селекционер |
02.01.2008 |
17.07.2008 |
«Р-Күрті» ЖШС-гі, зоотехник |
06.01.2009 |
17.03.2009 |
Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарағайлы ауылдық аумағы әкімі аппараты» КММ-сі, жетекші маманның м.а. |
18.03.2009 |
02.12.2009 |
Қарасай ауданы әкімдігінің «Қарағайлы ауылдық округі әкімі аппараты» КММ-сі, жетекші маман |
02.12.2009 |
02.09.2013 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Теміржол селолық округі әкімінің аппараты" КММ-сі, жетекші маманы |
02.09.2013 |
29.01.2015 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Теміржол селолық округі әкімінің аппараты" КММ-сі, әкімнің орынбасары |
29.01.2015 |
09.04.2015 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Айдарлы селолық округі әкімінің аппараты" ММ-сі, әкімнің м.а. |
09.04.2015 |
28.01.2019 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Айдарлы селолық округі әкімінің аппараты" ММ-сі, әкім |
04.03.2019 |
13.05.2019 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-сі, әкімнің м.а. |
13.05.2019 |
09.02.2023 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-сі, әкім |
20.03.2023 |
30.06.2023 |
«Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, бас маман |
15.11.2023 |
30.01.2024 |
Іле ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі, бас маманның м.а. |
31.01.2024 |
10.04.2024 |
Іле ауданы әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі, бас маман |
06.05.2024 |
05.07.2024 |
Астана қаласы, «Mtex management» ЖШС өндірістік техникалық және жабдықтау бөлімінің маманы |
01.10.2024 |
10.11.2024 |
Астана қаласы, «Астана қаласының Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі» РММ-сі, бас маманның м.а. |
11.11.2024 |
12.11.2024 |
Астана қаласы, «Астана қаласының Әділет департаменті Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі» РММ-сі, бас маман |
14.11.2024 |
27.04.2026 |
Алматы қаласы, "Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті" РММ-сі, бас маман, мемлекеттік экологиялық инспектор |
28.04.2026 |
Жамбыл ауданы әкімдігінің "Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-сі, әкім |