
Джумабеков Бакдаулет Курманбекович
Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Жұмабеков Бағдаулет Құрманбекұлы 1979 жылы 1 қараша айында Қараспан округі Семхоз елді мекенінде мұғалімдер отбасында дүниеге келді.Ұлтым қазақ.
1986 жылы Семхоз елді мекенінде орналасқан Қ.Сатпаев орта мектебіне барып, 994-1998 жыл аралығында Шымкент қаласында Автомеханикалық колледжінде оқып, ары қарай Алматы қаласы Қазақ көлік транспорт академиясын бітіріп, 2003 жылы инженер транспорт мамандығы бойынша бітірді. 2012-2014 жылдары Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Университетінде Электроэнергетика мамандығын алды.
2003-2004 жылдары Алматы теміржол станциясында вагон құрастырушы болып жұмыс жасады. 2005 жылы Шымкент қаласы АО «Интерком шина» заводында логистик менеджері болып жұмыс жасады. 2006 жылы ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінде Инженер ПТГ болып жұмысқа қабылданды. 2008 жылы Ордабасы ауданында ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінде жетекші инженер, 2009 жылы Шымкент қаласында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінде келісім-шарт бөлім басшысы, 2011 жылы Ордабасы ауданы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС жетекші инженер ары қарай Ордабасы ауданы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесінде басшысы болып қызмет атқарды.
2023 жылдың 31 наурызында Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды .
Ордабасы аудандық мәслихатының Y, YI, YII, YIIII шақырылым депутаты.
Жанұялы, жеті ұл-қызы бар.
