Өмірбаян
Ибраев Мирхат Максотович 1980 жылы 12 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Ақжайық ауылында дуниеге келген. Білімі – жоғары
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін информатика мамандығы бойынша тәмамдаған. « AMANAT » партиясының мүшесі.
Еңбек жолын 2002 жылы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінен бастаған. 2004 жылы Подстепный ауылында «Жігер» жастар қоғамдық бірлестігін құрып төрағалық қызмет атқарған. 2005-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық жастар мәслихатының депутаты. 2006-2014 жылдары «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының референті, есеп және статистика секторының меңгерушісі, ұйымдастыру- бақылау жұмыстары бөлімінің кеңесші қызметін атқарған. 2014-2018 жылдары «Жастар жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған. 2018-2019 жылдары Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың мамыр қазан аралығында Теректі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 2019 жылдың 28 қазанынан бастап « AMANAT » партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.
.




