Аткеева Нұрсауле Нұрланқызы

    Мәслихат депутаты

    Аткеева Нұрсауле Нұрланқызы
    Депутат маслихата

    Аткеева Нұрсауле Нұрланқызы

    Мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Аткеева Нұрсауле Нұрланқызы 1996 жылы 4-ақпанда Сырым ауданы,Тоғанас ауылында дүниеге келген.

    2013 жылы Сырым ауданы, Алғабас ауылындағы М.Қаналиев атындағы жалпы орта білім беретін мектепті аяқтап, М.Өтемісов атындағы БҚМУоқуға түскен.

    2017 жылы университетті тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша үздікке аяқтап,Теректі ауданы, Покатиловка ауылындағы жалпы орта білім беретін мектебіне жұмысқа орналасады.

    Ұстаздық қызметте жеткен жетістіктері: аудандық "Үздік ұстаз-2017" аталымының иегері, кәсіподақ мамандары арасында өткен республикалық пікірталас турнирінің ІІІ-орын иегері. Оқушылары аудандық ғылыми жобаның, облыстық пікірталас турнирлерінің жеңімпаздары атанған.

    2018 жылдың 10 сәуірінен бастап жастар ресурстық орталығының басшысы міндетін атқарады.

    2018-2019 жылдары орталық облыс деңгейінде жастар ресурстық орталықтары арасында өтетін рейтингте үздік үштікте болған. 2019 жылы орталық үздік қызметі үшін облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталса, Нұрсауле Нұрланқызы 2019 жылы облыс деңгейінде "Үздік жас көшбасшы" атанды.

    Нұрсауле Нұрланқызы 2019 жылдан бері "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі. 2021 жылы аудандық маслихат депутаты болып сайланды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері