
Өмірбаян
Копжасаров Ерлан Джумаханович, 15 қаңтар 1988 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.Қазақ Ұлттық аграрлық университетін бітірген
Еңбек жолы 2010 жылдың 01 тамызынан бастап Жамбыл аудандық "Құлансаз" Халықтық фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің дыбыс режиссеры қызметінен бастадым. 2010 жылы 01 қазан айында басқа қызметке ауысуыма байланысты жұмыстан өз еркіммен босадым.
2010 жылы 01 қазан айынан Беріктас ауылдық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі болып жұмысқа орналастым, 2011 жылы 01 қазан айында жұмыстан өз еркіммен босадым.
2011 жылдың 08 қарашасынан батап Дегерес селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметіне тағайындалдым. 2015 жылдың 10 сәуірінде өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2015 жылдың 19 қазанынан бастап «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының консультанты болдым. 2016 жылдың 11 ақпанында өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2016 жылдың 09 маусымында Қарақастек селолық округі әкімі аппаратының бас маман қызметіне тағайындалдым. 2018 жылдың 05 қазанынан өз еркіммен жұмыстан босатылдым.
2018 жылдың 05 қазанынан бастап Жамбыл аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалдым. 2020 жылдың 08 шілдесінен өз еркіммен босатылдым.
2020 жылдың 09 шілдесінен 2022жылдың 8 шілдесіне дейін Алматы облысы, Жамбыл ауданы, әкімдігінің «Қарақастек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қарақастек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атқардым.
2022 жылдың 11 шілде айынан бастап Дегерес ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін.