Еңбек жолын 2008 жылы Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппараты ММ-нің ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан ауылдық округінің жетекші маманы, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасары, ішкі саясат бөлімінің басшысы, Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылғы 19 желтоқсанда Ават ауылдық округінің әкімі болып сайланды.