
Төрағаның орынбасары
Бекбаева Анар Бектасовна
Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2003 ж.) "экономист – менеджер" мамандығы бойынша және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті жанындағы МВА бағдарламасы бойынша магистратураны "іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша (2011 ж.) бітірген.
- 1992-1999 ж.ж. - Жезқазған облысы Жаңаарқа аудандық СЭС, Алматы қаласы Жетісу аудандық СЭС санитарлық дәрігерінің көмекшісі;
- 2003-2005 ж.ж. - Ақмола облысы Көкшетау қ. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің "Экономика және басқару" кафедрасының оқытушысы;
- 2005-2007 ж.ж. - "Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Шаруашылық" МКҚК қоғамдық тамақтану қызметінің басшысы, Ақмола облысы Көкшетау қаласы;
- 2007-2009 ж.ж. - Ақмола облысы, Көкшетау қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық саясат және жоспарлау жиынтық бөлімінің бас маманы;
- 2009-2010 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құқық қорғау, сот, мемлекеттік органдар органдарын дамыту департаменті сот, құқық қорғау жүйесін дамыту басқармасының сарапшысы, Астана қ.;
- 2010-2011 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті мемлекеттік органдарды дамыту басқармасының бас сарапшысы, Астана қ.;
- 2011-2012 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Стратегиялық даму департаменті Стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, Астана қ.;
- 2012-2014 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Стратегиялық даму департаменті Стратегиялық жоспарлау және мониторинг басқармасының басшысы, Астана қ.;
- 2014-2017 ж.ж. - бас сарапшы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті жиынтық-талдау басқармасы басшысының м.а., Астана қ.;
- 2017-2018 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стратегиялық жоспарлау және мониторингі басқармасы бас сарапшысы, басшысының м.а.;
- 2018-2019 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті жиынтық талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Астана қ.;
- 2019-2021 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті талдау және стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы, Астана қ.;
- 2021-2022 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Астана қ.;
- 2022 жылғы 4 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін - Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары

