
Өмірбаян
1962 жылы 1 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Новенький ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Қазақ.
1991 жылы -Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген.
1981-1983 жылдар аралығында әскер қатарында азаматтық борышын өтеген
Еңбек жолын 1980 жылы №4 Ульянов совхозында бастап, жұмысшы, көлік жүргізушісі қызметтерін атқарған. 1989-2013 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында бас маман, экономист, бас экономист, бөлім басшысының орынбасары, ауылдық округ әкімі қызметтерін атқарған.
16.08.2013-23.03.2023 ж. Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
30.03.2023 ж. бастап Шыңғырлау аудандық мәслихатының төрағасы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы
Отбасылы.
VIII шақырылған Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.





