Айдарханов Арслан Асланұлы

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

    Руководитель отдела

    Айдарханов Арслан Асланұлы

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Арслан Асланұлы Айдарханов 1984 жылы 16 шілдеде Павлодар облысы Май ауданы Көктөбе ауылында дүниеге келген . Жоғары білімі бар : 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін "Өнеркәсіптік жылу энергетикасы" мамандығы бойынша , 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін "Құқық"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылдың 19 қыркүйегінде Павлодар қаласында "Павлодарэнерго" АҚ машинист- шолушысы болып бастады .

    2008 жылғы қазаннан 2010 жылғы қарашаға дейін Павлодар қаласында "Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" ММ келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды.

    2010 жылғы қарашадан 2010 жылғы желтоқсанға дейін "Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы"ММ келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    2010 жылғы желтоқсаннан 2011 жылғы қаңтарға дейін "Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі"ММ жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесі бастығының көмекшісі болды .

    2011 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында "Ақсу қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі"ММ келісімшарт және шақыру бойынша әскери қызметшілерді қабылдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

    2011 жылғы наурыздан 2018 жылғы қарашаға дейін Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткерген. 2019 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында Астана қаласында "KazFactor" ЖШС директорының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

    2019 жылдың сәуір - желтоқсан айлары аралығында Павлодар қаласында "отын-көлік компаниясы" ЖШС жүргізушісі болып жұмыс істеді. 2020 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін "Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2021 жылдың қыркүйек - қараша айлары аралығында "Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"ММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ басшысы болды . 2022 жылдың шілдесінен қазанына дейін Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың қазанына дейін Павлодар облысы Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2023 жылғы қарашадан 2025 жылғы тамызға дейін "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым секторының меңгерушісі болды .

    2025 жылдың тамызынан 2026 жылдың мамырына дейін "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі"ММ басшысы қызметін атқарды.

    2026 жылғы 22 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері