Окпенов Теміржан Қанатұлы

    Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

    Руководитель отдела

    Окпенов Теміржан Қанатұлы

    Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Окпенов Теміржан Қанатұлы 1985 жылы 16 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша, 2018 жылы Қазақ гуманитарлық — заң инновациялық университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. Әр жылдары "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Еуразиялық Банк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Темірбанк"АҚ менеджері және маманы болып жұмыс істеді. Шағын, орта бизнесті несиелендіру және корпоративтік клиенттермен жұмыс жасау бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

    2013 жылдан 2018 жылға дейін "Альфа-Банк" АҚ-да жұмыс істеді, онда бас маманнан орта бизнес бөлімінің бастығына дейін өтті. 2019-2022 жылдары "Jusan Bank" АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде директордың шағын және орта бизнес жөніндегі орынбасары, директордың операциялық қызмет жөніндегі орынбасары және сату жөніндегі директор.

    2023-2024 жылдары Семей қаласының "Спартак" стадионы " коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқарды. 2024 жылы Абай облысының мемлекеттік сатып алу Басқармасында жұмыс істеді, онда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бөлімінің хатшысы және бас маманы лауазымдарын атқарды.

    2025 жылдың наурыз айынан бастап Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2026 жылдың 2 маусымынан бастап Абай облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері