
Қарабалина Сәуле Зайдағалиқызы
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1963 жылы 11 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келген.
1987 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «география және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Казталов ауданы Бостандық қой совхозының жұмысшысы болып бастаған.
01.02.1982-01.08.1982 жылдары Орал қалалық су құбыры және канализация басқармасының гидрологы;
24.08.1982-03.07.1987 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының студенті;
15.08.1987-25.08.1989 жылдары Пионерлер үйінің директоры, Орал облысы, Жаңақала ауданы;
25.08.1989-18.11.1989 жылдары Жаңақала аудандық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы;
24.11.1989-17.11.1990 жылдары Казталов аудандық халыққа білім беру бөлімі Пионерлер үйінің әдіскері;
17.11.1990-03.04.1992 жылдары Казталов аудандық ЛКЖО комитетінің хатшысы;
03.04.1992-20.08.1992 жылдары Казталов аудандық әкімшілігінің референті;
20.08.1992-08.02.1995 жылдары А.Оразбаева атындағы орта мектебінің оқу бөлімінің меңгерушісі;
17.02.1995-11.02.1999 жылдары Казталов аудандық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинетінің мектеп әдіскері;
11.02.1999-31.10.2000 жылдары Казталов аудандық А.Оразбаева атындағы орта мектебі жанындағы сырттай оқу бөлімінің география, биология пәнінің мұғалімі;
31.10.2000-25.11.2002 жылдары Казталов аудандық А.Оразбаева атындағы орта мектебінің жанындағы сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі;
25.11.2002-30.09.2004 жылдары Казталов аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері;
01.10.2004-31.12.2004 жылдары Казталов аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі;
31.12.2004-23.01.2006 жылдары Казталов аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;
23.01.2006-02.11.2009 жылдары Казталов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі;
02.11.2009-23.11.2009 жылдары Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, БҚО Казталов ауданы;
24.11.2009-30.12.2010 жылдары Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бастығы;
30.12.2010-01.11.2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мәдениет, өнер ұйымдарының және тарихи-мәдени мұраларды сақтау жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;
01.11.2013-25.08.2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
25.08.2016-04.09.2017 жылдары Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы әкімшілік бөлімінің (Персоналды басқару, құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету) басшысы;
04.09.2017-29.05.2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы;
25.05.2018 жылдан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы.



