
Елеусізов Жанат Қалелұлы
Мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Жанат Қалелұлы Елеусізов 1978 жылы 9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шалақын (Сергеев) ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясын "дене шынықтыру және спорт"мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын "есеп және аудит"мамандығы бойынша бітірді.
Білімі: жоғары
Жалпы өтілі – 22 жыл; мәслихат хатшысының лауазымында – 1 жыл 11 ай
Еңбек жолын 1999 жылы СҚО Қызылжар ауданы Озерный орта мектебінде мұғалім болып бастады. 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейін Қызылжар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеді, 2013 жылдың қазан айынан бастап СҚО Қызылжар ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып ұызмет атқарды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қызылжар аудандық мәслихатының депутаты, хатшысы болып сайланды. «Отан патриоты» медалімен, 2018 ж., ҚР туризм және спорт Министрлінің Құрмет Грамотасымен, Спорт Комитетінің Грамотасымен 2008 ж., СҚО әкімінің Алғыс хаты, 2020 ж., СҚО Туризм және спорт басқарма басшысының «Құрмет грамотасы» - 2019 ж., Қызылжар әкімінің Алғыс хаты.