Жакеев Тимур Сапарбекұлы

    Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі

    Жакеев Тимур Сапарбекұлы
    Өкілі

    Жакеев Тимур Сапарбекұлы

    Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі

    Өмірбаян

    Тимур Жакеев 1988 жылғы 23 наурызда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

    2009 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын, 2014 жылы Орталық-Қазақстан Академиясын тәмамдаған. Мамандығы — мемлекеттік және жергілікті басқару, заңтану. Білімі — жоғары.

    Еңбек жолын 2010 жылғы 26 қаңтарда Ақмола облысы мәдениет басқармасының ақпараттық-сараптама бөлімінің жетекші маманы м.а. қызметінен, Көкшетау қаласында бастаған.

    2010 жылғы наурыздан бастап — Ақмола облысы мәдениет басқармасының ақпараттық-сараптама бөлімінің жетекші маманы.

    2013 жылғы ақпаннан бастап — Ақмола облысы статистика департаментінің ауылшаруашылығы статистикасы басқармасының жетекші маманы.

    2015 жылғы қаңтардан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің кеңесшісі.

    2016 жылғы қаңтардан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы.

    2016 жылғы қазаннан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы.

    2018 жылғы шілдеден бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бас консультанты, Астана қаласы.

    2019 жылғы тамыздан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің (басқармасының) бас консультанты, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2020 жылғы ақпаннан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметтер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету және оның көрсету процедурасы жүйесін жетілдіру бойынша басқармасының бас консультанты, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2021 жылғы қазаннан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бас консультанты, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2022 жылғы наурыздан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің бас консультанты, Нұр-Сұлтан қаласы.

    2022 жылғы сәуірден бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, Көкшетау қаласы.

    2023 жылғы сәуірден бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін және оларды көрсету рәсімдерін жетілдіру басқармасының бас консультанты, Астана қаласы.

    2024 жылғы тамыздан бастап — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін және оларды көрсету рәсімдерін жетілдіру басқармасының бас консультанты, Астана қаласы.

    2025 жылғы қаңтардан бастап — Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Құқықтық және ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімінің Кемсітушіліктің барлық нысандарын болдырмау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі секторының бас инспекторы, Астана қаласы.

    2026 жылғы 16 маусымнан бастап осы уақытқа дейін — Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі, Ақтөбе қаласы.