
Айсина Қалдыгүл Оспанәліқызы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Айсина Қалдыгүл Оспанәліқызы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келді, білімі жоғарғы. 1986 жылы Алматы темір жол транспорт инженерлері институтын - «Вагон жасау және вагон шаруашылығы, инженер-механик» мамандығы бойынша бітірді. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын - «Бизнес және менеджент экономисті» және 2011 жылы Жетісу заң коледжін «Құқықтану, заңгер» мамандығы бойынша сырттай бітірді.
2011жылы «Қазақстан Республикасының 20 жылдығы мерекелік күні құрметіне орай» Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алғысымен марапатталды. 2013 жылы ҚР Еңбек және халықты қорғау министірлігінің Алғыс хаты мемлекеттiк наградасына, 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің «Әлеуметтік –еңбек саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Тәуелсідігінің 25 жылдығына мерекелік медалімен, 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталып құрметтi атақтарына ие болды. 2006 жылы Астана қаласында Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің кадрлардың біліктілігін арттыру курсында» «Халықты әлеуметтік қорғау» курстың бағдарламасын аяқтап өтті. 2008 жылы Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың толық оқу курсын бітірді. 2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару институтында» «Мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін бағалау және біліктілігін арттыру жолдары», 2013 жылы «Мемлекеттік басқару органы аппаратының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша және 2018 жылы «Тайм-менеджмент», «Стресс-менеджмент» , «Шешімдерді қабылдау» тақырыбы бойынша курстық бағдарламаны өтті. Тұрмыста 3 баласы бар.
Еңбек жолын 1986 жылы Еңбекшiқазақ аудандық есептеу Орталығының аға экономистi болып бастаған. 1992-1997 жылдары Еңбекшiқазақ аудандық жұмыспен қамту орталығының аға маманы. 1997-1999 жылдары Еңбекшiқазақ аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы. 1999-2004 жылдары Еңбекшiқазақ аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң еңбек және жұмыспен қамту бөлiмiнiң бастығы. 2004-2005 жылдары Еңбекшiқазақ аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiм бастығының орынбасары. 2005-2012 жылдары Еңбекшiқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiм бастығының орынбасары. 2012 жылғы 13 қантарынан бастап Еңбекшiқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы, ал 2013жылғы 2 мамырынан бастап бөлім басшысы болып тағайындалып қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқарып отыр.