Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы

    Мәслихат төрағасы

    Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы
    Председатель маслихата

    Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы

    Мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы 1966 жылдың 5 шілдесінде Қазалы ауданы Жаңақазалы поселкесінде туған.
    1983 жылы Қ.Сәтбаев атындағы №216 қазақ орта мектебін бітірген.

    1983-1988 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген

    1983 жылы Қазалы ауданы «Қызылту» совхозында жұмысшы болып істеген.

    1988-1990 жылдары «Қызылту» совхозында инженер-механик болып істеген.
    1990-1992 жылдары Қазалы қаласындағы «Казсельхозтехника» бірлестігінде аға-инженер-дефектовщик болып істеген.
    1992-1994 жылдары «Топырақ құнарлығын арттыру» аудандық бірлестігінде бас инженер болып істеді.
    1994-2000 жылдары Қазалы қаласындағы «Агросуменжабдықтау» механикаландырылған жылжымалы колоннаның бастығы, 2000-2002 жылдары жеке кәсіпкер.
    2002 жылдан «Тұран-Қазалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары– аймақтық «Тұран-Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «Тұран-Қазалы» ЖШС директоры-газеттің бас редакторы болып істеп келеді.
    Аудандық мәслихаттағы әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау және жастар саясаты жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері