Серікболова Гульфайрус Сакеновна

    Басқарма басшысы

    Серікболова Гульфайрус Сакеновна
    Руководитель управления

    Серікболова Гульфайрус Сакеновна

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Серікболова Гульфайрус Сакеновна 1975 жылы 12 шілдеде Семей облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген.

    2005 жылы Алматы экономикалық және статитикалық академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек жолын 1995 жылы Жарма аудандық телекоммуникация торабының есепші маманы болып бастады.

    2001-2002 жылдары Жарма ауданы Солнечный ауылындағы ОВ 156/21 мекемесінің инспекторы.

    2003-2005 жылдары Жарма ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы.

    2005-2009 жылдары Жарма аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі.

    2009 - 2011 жылдары Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі.

    2011-2015 жылдары Жарма ауданының қаржы бөлімінің басшысы.

    2015 жылдың сәуір-маусым аралығында Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

    2015-2016 жылдары Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары.

    2016 - 2022 жылдары Жарма ауданының қаржы бөлімі басшысы.

    2022 - 2025 жылдары Абай облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.

    2025 жылдың 26 ақпаннан бастап Абай облысының қаржы басқармасының басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері