
Асанова Айман Серікқызы
Тимирязев аудандық мәслихатының төрағасы 7 сайлау округтен
Өмірбаян
1963 жылдың 1 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданының Кеңес ауылында туған.
Қазақстан Республикасының азаматшасы.
Жоғары білімі бар.
1988 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады.
Педагогикалық қызметін 1987 жылы Торғай облысының Чапаев орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.
1989 жылдан 1991 жылға дейін өз мамандығы бойынша СҚО Ишимский орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде жұмыс істеді.
1991 жылдан 1995 жылға дейін Алматы қаласының № 136 ОМ мұғалімі болды.
Содан соң 1995 жылдан 1999 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Абай ОМ-де жұмысын жалғастырды.
1992 жылы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің жоғары біліктілік санаты берілді.
2003 жылдан 2007 жылға дейін Тимирязев аудандық мұрағатын басқарды.
2007 жылдан бастап 2021 жылдың қаңтар айыны дейін Тимирязев мектеп-интернатының директоры болып істеген.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін Тимирязев аудандық мәслихатының хатшысы болып жұмыс істейді
Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.
Өзін қоршаған адамдардың әдептілігін, қайырымдылығын, тапсырылған іске жауапкершілігін, кәсібилігін бағалайды.
Ұсынылу тәсілі – «Amanat» партиясы ҚБ.