
Рахметова Айзада Нұрланқызы
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Рахметова Айзада Нұрланқызы
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы
Жалпы ақпарат, білім
Айзада Нұрланқызы Рахметова Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген, ұлты - қазақ. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2013 ж.), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2020 ж.) бітірген, білімі жоғары «Құқық магистрі, Қаржы».
Мансап
Еңбек жолын 2013 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ балалар және жастар ҮЕҰ жұмыс жөніндегі нұсқаушысы болып бастады.
2014 жылдан бастап - «Нұр Отан» партиясының шаруашылық басқармасы» ЖШС ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің операторы.
2015 -2016 жылдары - «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің сарапшысы.
2013-2019 жылдары - «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты.
2019-2021 жылдары - «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2021-2022 жылдары - «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің жетекшісі.
2022 жылдың шілде айынан - «AMANAТ» партиясы Мағжан Жұмабаев ауданы филиалының атқарушы хатшысы.
2023 жылдың қаңтар айынан - «AMANAТ» партиясы Мағжан Жұмабаев ауданы филиалының төрағасы.
2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылған Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы болып сайланды.