
Мендешов Нұрлан Құмарұлы
Мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Мендешов Нұрлан Құмарұлы 03.02.1969 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 1991 жылы Орал педагогикалық училищесін, 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1991 жылы «Жақсыбай» бала-бақша – орталақ мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолымды бастады.2002-2004 жылдары «Жақсыбай» негізгі мектебінің директоры, 2004-2012 жылдары Б.Аманшин атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі, директоры. 2013-2016 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы «Қаратөбе өңірі» аудандық қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы, 2016-2017 жылдары Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығыдиректоры. 2017 жылы Қаратөбе аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры,М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісіболып қызметтерін атқарған. 2021 жылдың сәуір айынан бастап "Нұр Отан" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап аудандық мәслихат төрағасы қызметіне сайланды.
IV, V, VI, VII шақырылған Қаратөбе аудандық мәслихатының депутаты.