Ионенко Николай Петрович

    Таран ауданының Құрметті азаматы

    Ионенко Николай Петрович
    Қызметкерлер

    Ионенко Николай Петрович

    Таран ауданының Құрметті азаматы

    Өмірбаян

    Мәслихаттың 30.11.2018 ж. № 232 шешімімен "Таран ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді

    1941 жылы Асенкритовка ауылында дүниеге келген. Қостанай облысы Таран ауданы.

    Қостанай автомобиль көлігі техникумын 1970 жылы техник-механик мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1958 жылдан 1960 жылға дейін Чкалов атындағы колхозда тракторшы болып бастаған. 1961-1962 жылдары Николаевский совхозында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1962-1965 жылдары Кеңес Армиясы қызметін атқарды. 1966-1968 жылдары Николаевский совхозының комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істеді. 1969-1986 жылдары Асенкрит ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1986-1999 жылдары Николаев совхозының № 1 бөлімшесінің басқарушысы. 1999 - 2006 жылдары "Майлина" ЖШС бас инженері.

    Ауданда және совхозда саланы дамытуға қосқан зор үлесі, көп жылғы мінсіз еңбегі үшін: облыс бойынша 6 медальмен және 2 социалистік жарыс белгісімен марапатталған.

    Медальдар: тың жерлерді игергені үшін. Лениннің 100 жылдығына арналған Ерен еңбегі үшін. Еңбек ардагері. Фашистік Германияны жеңген 20 жыл. Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Мерейтойлық медаль - Таран ауданының 80 жылдығы.

    Қостанай партия Опкомының, Қазақстан ОКЖЛКСМ облыстық атқару комитетінің, қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін, Қазссср ІІМ грамотасының грамоталары бар.

    Сондай-ақ, аудан және облыс әкімінің грамоталарымен марапатталған.

    2021 жылы 16 қарашада қайтыс болды.

    .

    Скончался 16 ноября 2021 года.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері