
Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы
Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы
1964 жылдың 18 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылы
Төлеби аудандық мәслихатының VIIІ шақырылым депутаты
Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы.
Қойбағаров Нұрлан Хамзаұлы 1964 жылдың 18 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылында қызметкерлер отбасында өмірге келді. 1981 жылы орта мектепті бітіріп, еңбек жолын «Бірінші Мамыр» совхозында қарапайым жұмысшылықтан бастады. 1984 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекетік университетіне оқуға түсіп, оны 1989 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірді. 2004-2006 жылдары Алматы экономика және статистика академиясында оқып, экономист мамандығын алып шықты. 1989-1991 жылдары Талдықорған облыстық прокуратурасында прокурор көмекшісі және тергеуші қызметтерін атқарды. 1991-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінде аға прокурор, 1993-1995 жылдары Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, 1995—1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінің Қазығұрт аудандық бөлімінің басшысы, кейін осы комитеттің Батыс аймақтық бөлімінің басшысы, 1997-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер бас басқармасында 9-шы басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2004-2006 жылдары облыстық ішкі істер департаментінің штаб басшысы, 2006-2009 жылдары облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарып, полковник шенінде зейнеткерлікке шықты. Кейін ауыл шаруашылығымен айналысып, «Бекшеге» шаруа қожалығына төрағалық етті.VI-VII шақырылымдарда Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы болған. «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы