
Қошалақов Әділ Үсенұлы
Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Қошалақов Әділ Үсенұлы - 1966 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген.
1985-1987 жылдары Кеңес армиясы қатарында болған.
1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Экономист" мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.
1984-1985 жылдары - “Кызылордасельстрой” МПМК-07, бетонщик;
1985-1987 жылдары - Кеңес армия қатарында;
1987 жыл - “Кызылордасельстрой” МПМК-07, бетонщик;
1993-1998 жылдары - Қармақшы ауданық қаржы бөлімінің бас экономисті;
1998-2001 жылдары - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы;
2001-2002 жылдары- Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің басшысы;
2002-2004 жылдары- Қызылорда облыстық табиғат қорғау шаралары басқармасының бас маманы;
2005 жылы- Қармақшы аудандық мәслихат аппаратының бас маманы;
2005-2006 жылдары - Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2006-2010 жылдары - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
2010-2013 жылдары - Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2013-2020 жылдары - Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап VII шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы.
2023 жылдың 10 қаңтарынан бастап VIIІ шақырылған аудандық мәслихаттың төрағасы.
