Кадимов Тахир Зинурович

    Жәнібек аудандық мәслихат төрағасы

    Кадимов Тахир Зинурович
    Председатель маслихата

    Кадимов Тахир Зинурович

    Жәнібек аудандық мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    Кадимов Тахир Зинурович 1968 жылы 7 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

    1975 жылы Жәнібек ауылындағы №1 орта мектепке барып, 1985 жылы аталған мектепті бітіріп шыққан. 1985 жылы «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтына «география және биология» мамандығы бойынша оқуға түскен. 1986-1988 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгеннен кейін аталған институтты жалғастырып, 1992 жылы «география және биология пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

    1992-1997 жж. Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.

    1997 ж. А.Оразбаева атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі.

    1997-2001 жж. Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.

    2001-2004 жж. Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы.

    2004-2008 жж. Жәнібек аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры.

    2008-2012 жж. 4 шақырылымдағы Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы.

    2012-2016 жж. 5 шақырылымдағы Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы.

    2016-2021 жж. 6 шақырылымдағы Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы.

    2021-2023 жж. 7 шақырылымдағы Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы.

    2023 жылғы 30 наурыздан бастап 8 шақырылымдағы Жәнібек аудандық мәслихат төрағасы болып қызмет етіп келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері