
Жұманбаева Ақерке Ақтайқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1987 жылғы 6 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2014 ж.), «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» жеке меншік мекемесін (2010 ж.), сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2008 ж.) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Тәуелсіздік сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында мекемесінде ғылыми-ағарту тобының экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
Әр жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты бірқатар мекемелерде, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2019–2020 жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қымзетін атқарды.
2020–2021 жылдары Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымын атқарды.
2021–2026 жылдары Астана қаласы Мәдениет басқармасының мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылғы сәуірден бастап — Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары.

