
Жарқынбек Ғалымжан
Жаңақорған ауданы мәслихатының VIІI шақырылым депутаты және мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы 1978 жылы шілде айында Жаңақорған ауданы, Машбек Нәлібаев ауылдық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары, 2000 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Егін шаруашылығының ғалым агрономы» мамандығы бойынша бітірген.
Ғ.Сопбеков еңбек жолын 2000-2001 жылдары «Көктем» ЖШС-да менеджер болып бастаған.
2001 жылы РМК «Казагрэкс» Қызылорда филиалы, бас маман-технологы;
2002-2003 жылдары РМК «Фитосанитария» Қызылорда филиалында маманы;
2003-2004 жылдары «Қазагрэкс» АҚ Қызылорда филиалы маман, бас маман;
2004-2008 жылдары «Қазагрэкс» АҚ, бас маман-методисі, ҚР АШМ Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының астық және тұқым инспекциясы бөлімінде жетекші маман, бас маман;
2008-2009 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы;
2009-2014 жылдары ҚР АШМ АӨҚ МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы;
2014-2015 жылдары Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы;
2015 жылы Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;
2015 жылдың сәуір айынан 2021 жылдың 14 қаңтарына дейін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарды.
2021-2023 жылдары Жаңақорған ауданы мәслихатының хатшысы;
2023жылдың 30 наурызынан бастап Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы қызметіне кірісті.
