Құдайбергенқызы Роза

    Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

    Құдайбергенқызы Роза
    Басқарма басшысы

    Құдайбергенқызы Роза

    Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Роза Құдайбергенқызы 1967 жылы Семей облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.
    1988 жылы Семей қаласындағы қаржы экономикалық техникумын «бюджетті есепке алу», 1996 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие», 2005 жылы Семей қаласының Қазақ гуманитарлық - заң университетін «құқықтану», 2018 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «психология» мамандықтары бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын Семей облысы Таскескен аудандық қаржы бөлімінің штат бойынша инспектор-ревизор қызметінен бастады.

    1988 - 1996 жылдары Семей облысының Таскескен аудандық қаржы бөлімі бюджет инспекциясының бастығы, аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

    1996 - 2005 жылдары Семей қалалық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кірістердің түсімін болжау және сараптау бөлімінің бастығы, бюджеттік саясат бөлімінің басшысы;

    2005 - 2009 жылдары Семей қаласының қаржы бөлімінің меңгерушісі;

    2009 - 2022 жылдары Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

    2022 жылғы 16 тамыздан бастап Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері