Түлебеков Бекжан Маратұлы

    депутат

    Түлебеков Бекжан Маратұлы
    Депутат маслихата

    Түлебеков Бекжан Маратұлы

    депутат

    Өмірбаян

    Түлебеков Бекжан Маратұлы 1988 жылы 25 қазан айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, село Ильичте туылған (қазіргі Ақбұым).

    Ұлты Қазақ. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылында тұрады.

    1995-2006 жылдар аралығында Б.Бесбаев атындағы орта мектепте білім алған. Мектеп қабырғасында, 2 сыныптан бастап бокспен шұғылданған,

    2001ж. қалалық спорт мектебіне кикбоксинг спорт түріне қатысқан.

    Кикбоксингтан қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.

    7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы. Халқаралық дәрежеде спорт шебері.

    2003ж. Грецияда өткен жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

    2006ж. Харватияда өткен жатар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған.

    2006-2010жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мекмлекеттік университетінің «Автаматтандыру және басқару» мамандығын бітірген.

    2007ж Грецияда, Афины қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

    2010-2011 жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ««Автаматтандыру және басқару»» мамандығынын магистр академиялық дәрежесін алған.

    2011ж. Ресейде өткен ересектер арасындағы әлем кубогының чемпионы атанып алтын алқа тағып Қазақстан Республикасының туын желбіреткен.

    2014ж. қыркүйек айында отбасын құрған. 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.

    24.01.2011жж. бастап ОФ АҚ «КазТрансКом» радио инженер лауазымына ауыстырылды.

    18.03.2013ж. штат санының қарастырлу себебімен қысқартуға түскен.

    2012-2014жж. М.Х.Дулати атындагы ТарМУ «Құқықтану» мамандығының бакалавр дәрежесін алған.

    2015ж «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» Акционерлік қоғамының «ТАРАЗ» Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалына слесарь КИП и А болып жұмысқа кірген.

    2020ж «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» Акционерлік қоғамының «ТАРАЗ» Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалына инженер АСУТП лауазымына ауыстырылған.

    Қазіргі таңда Жамбыл облысының Муай-Тай федерациясының президенті.

    ҚР Жауынгершілік Өнер Ассоциациясының Жамбыл обылысындағы Жауынгершілік өнер қауымдастығының басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері