
Өмірбаян
Ақбаев Бақтияр Мұратұлы 1963 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген.
1985-1990 жж. Жуалы ауданы, Н.Крупская атындағы орта мектепте мұғалім.
1990-1991 жж. Свердлов ауданы, Макаренко атындағы орта мектепте мұғалім.
1991-1993 жылдары Свердлов ауданы Пионерлер үйінің директоры.
1993-1994 жж. Свердлов ауданы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің директоры.
1994-1996 Байзақ ауданы «Ақбаев Н» шаруа қожалығының мүшесі.
1996-1997 жж. Жамбыл облысы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектепте мұғалім.
1997-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бас маманы.
1999-2001 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары.
2001-2002 жылдары Жамбыл облысы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектептің директоры.
2002-2004 жылдары Байзақ аудандық білім бөлімінің меңгерушісі.
2004-2007 Байзақ ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің директоры.
2007-2008 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы. Тараз қаласы.
2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары. Тараз қаласы.
2009-2010 Байзақ ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.
2010-2012 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
2012-2014 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.
2014-2021 жылдары Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2021 жылғы 15 қаңтардан бастап 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы.
Жұбайы - Мирманова Ағила, 1963 ж.т.
4 баласы бар.
2023 жылғы 30 наурызынан Байзақ аудандық мәслихатының төрағасы.

