Қырықбаева Мөлдір Жанабекқызы

    депутат

    Қырықбаева Мөлдір Жанабекқызы
    Депутат маслихата

    Қырықбаева Мөлдір Жанабекқызы

    депутат

    Өмірбаян

    Қырықбаева Мөлдір Жанабекқызы, 1984 ж 5 наурызда Жамбыл облысы Тараз Қаласында дүниеге келген.

    1990-2001 ж.ж Тараз қаласындағы №12 Келесбай атындағы орта мектепті бітіріп, және Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжіне 2004 ж. қызыл дипломмен бітіріп шыққан.

    2004-2007ж.ж Қ.А.Яссауй атындағы мемлекеттік университетінде сырттай оқыған.

    Отбасым, жолдасым-Абдикеримов Сәкен Таубайұлы -2012 ж оқыс оқиғадан қаза тапты. Екі қызым бар. Үлкені Таубаева Айдана Сәкенқызы, 2005 ж.30 сәуірде дүниеге келген. Кішісі, Таубаева Айару Сәкенқызы,2007ж 4 желтоқсанда дүниеге келген.

    2004ж 15 маусымда Жамбыл ауданы Бектөбе ауылына келін болып түсіп, дәл сол жылы Бектөбе ауылында орналасқан Амангелді атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.

    2010 ж.Бастап Қаратөбе бастауыш партия ұйымының төрағасы қызметін қосымша атқарып жұмыс істейді.

    2016ж. «Үздік педагог-2016» байқауына қатысып, Жамбыл ауданы көлемінде ұйымдастырылған байқаудан I орын йеленген.

    2020 ж. 20 тамызынан бастап, Жамбыл ауданы «Амангелді» орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері